Сарыағаш пен Келес аудандарының шаруалары «қақаған қыс, үскірік аязда малымыз қырылып қала ма деп қорқып отыр. Тіпті, жем-шөп алуға шамасы келмейтіндер төлдерін сатуда. Қалғанын арам қатып өлмесін деп үйінде ұстап отыр. Тұрғындар үкіметтен көмек болмаса таяқ ұстап қалатын түріміз бар - деп уайымдайды. Шаруалардың базынасын әріптесім Жандос Тастемір тыңдап қайтты.