Саудасы қайнаған Самарқан

24
28.03.2024 16:08

Өзбекстанның Самарқан қаласы көне тарихи ғимараттарымен ғана емес, саудасы қайнаған базарымен де мақтанады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келушілер кепкен жемістің түр-түрін таба алады. Атағы алысқа кеткен базардың өзіне тән тағы қандай ерекше тауарлары бар? Бұл жайында тілшіміз Бақдәулет Анарбай баяндасын.

Самарқан базарында өзбекстандық еңбекқор дихандардың өнімдері самсап тұр. Ол аз десеңіз, қолөнер шеберлері жасаған түрлі ыдыс-аяқ пен бұйымдар көздің жауын алады. Сондықтан мұнда келушілер саны күн санап артпаса, кеміген емес. Базар ішінде нан қатарына ерекше назар аударуға болады. Өйткені, Самарқан наны ұн өнімдерінң қайталанбас түрі болып табылады.