Түркістан
EN

Табыс декларациясын тапсырудың үшінші кезеңі басталды

92
28.03.2024

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде бизнесмендер, жеке кәсіпкерлер, компания басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруы керек. Сонымен қатар, 1-2-кезеңде декларация тапсырғандар 270.00-форма бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруды жалғастырады. Бүгінде еліміз бойынша Түркістан облысы салық төлеу декларациясын тапсыру бойынша көш бастап тұр. Өңір халқының 77 пайызы табысын растап, мемлекет алдындағы мүлкін жария еткен. Бүгін Түркістанда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен жылжымалы Семинар кеңес өткізілді. Оған Түркістан облысы мен Қызылорда облыстарының салық мамандары қатысып, жалпыға бірдей декларациялауды жетілдіру тұстарын талқылады. 

ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМҚҰЛОВА – МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ