«Ел қорғау – нағыз ерлер ісі». Түркістан қаласында дәл осы атаумен көктемгі облыстық салтанатты әскерге шығарып салу рәсімі өтті. 1 наурыздан басталатын көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында облыс көлемі бойынша 2400-ден астам азамат әскерге шақырылған. Бүгін соның 80-ы Отан алдындағы өз борыштарын өтеуге әскер қатарына аттанды. Жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Бейсен Тәжібаев пен қорғаныс істер департаментінің бастығы, әскери сала ардагерлері қатысып, әскери парызды өтеудің маңыздылығына тоқталды. Алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.