Түркістан облысында сары ауру үдеп тұр. Былтыр небары 59 адам тіркелген. Ал биыл бар болғаны екі айдың ішінде вирусты гепатитке шалдыққандар саны 60 адамға жетіп отыр. Облыста бұл дертпен науқастар әсіресе, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт, Сауран, Шардара, Созақ аудандарында көпетеп тіркелуде. Инфекцияның балалар мен мектеп оқушылары арасында тіркелуінің негізгі себептерінің бірі жеке бас гигиенасының сақталмауы. Әрі сапасыз ауыз судың салдарынан болады. Мамандар ауру ошағына зеріттеу жүргізген. Нәтижесінде Сайрам ауданынан алынған ауыз су сынамалары таза емес болып шықты.