Сауран ауданында қасиетті Рамазан айындағы сауапты істер өз жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы ауыл азаматтары Шорнақтағы ескі мешіттің бос жатқан бауын түгелдей көгертуді қолға алыпты. Халық игілігі үшін 3 га астам жерге 1000 түп жеміс талы және басқада түрлі ағаштар отырғызылды. «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді негізге алған Сауран ауданының тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов игі іске тікелей демеушілік жасаған. Депутаттың айтуынша, болашақта бұл жерге аудан халқы үшін арнайы саябақ салынбақ.
БАЙМАХАН СҮЛЕЙМЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ