Жеңіл өнеркәсіптің мысын әлі күнге импорт басып жатыр. Тоқыма-тігін саласы көбеймей де, барының өзі аяғына нық тұра алмай да келеді. Мұны мәжіліс дептутаты Қайрат Балабиев айтты. Мысалы, 2024 жылғы есеп бойынша елімізде тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарын өндірумен айналысатын 24 заңды тұлға бар. Дегенмен өнімінің 80 пайызы шетелден әкелінеді. Өйткені і импорттық тауарлар өте арзан бағада болғандықтан, жоғары сұранысқа ие.