Түркістан облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті. Негізінен бұзылған көліктерді жөндеп, соқа, тырма сақадай сай еткен диһандар ауыл шаруашылық дақылдарын себе бастаған. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған жұмысшы топ бұл істерді арнайы барып көрді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау шараларын түсіндірді.