Ділмар. Қазақ қара сөздің қаймағын қалқып, кез келген мәселенің шешімін айта білген шешен тілдің иесін осылай атайды. Жетісу облысында дәл осындай атаумен оқушылар арасында интеллектуалдық сөз сайысы өтті. Республикалық деңгейдегі тележобаға Қызылорда,Түркістан, Абай, Жамбыл және Алматы облыстарының командалары жиналған. Ақыл-ойды дамытып, пікір қалыптастыруға баулитын "Ділмар" додасына Жетісу телеарнасы мұрындық болып отыр.