Түркістан
EN

Токиода "Джокер" кейпіндегі тұрғын метродағы жолаушыларды жаралап, вагонға от қойды

115
02.11.2021

Токиода әлдекім метродағы жолаушыларға жағалай пышақ сілтеп, 17 адамды жарақаттады. Қаскүнем артынан вагонға от қойған. Бір таңқаларлығы, ол «Джокер» фильміндегі кейіпкер секілді киінген. Бұл кезде метрода жолаушы көп болған тәрізді. Өйткені жұрт Хэллоуин мерекесіне кетіп бара жатқан. Полиция күдіктіні ұстады. Ол жасы 20-дан енді асқан бозбала болып шықты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаскөй бірнеше адамды өлтіруді жоспарлапты. Сосын өзін өлім жазасына кесуді қалаған.