Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласы - орта ғасыр тарихынан сыр шертетін шаһар. Шығыс ғылымының орталығы болған бұл қала заманында тіпті Ұлы Жібек Жолының қайнаған базары болған. Ал, бүгінде туристер көне шаһардың қандай тарихи нысандарына көп барады? Тілшіміз Бақдәулет Анарбай сырға толы Самарқанға сапар шегіп, осы сұрақтың жауабын іздеп қайтқан болатын.