Түркістан
EN

Интернет-алаяқтық 21 млрд теңге залал келтірген

71
27.03.2024

Елімізде интернеттегі алаяқтық соңғы 7 жылда 10 есеге өскен. Бұл қылмыстан келген залал – 21 млрд теңге. Сұмдық статистиканы Парламент мәжілісіндегі жиында ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев бөліскен болатын. Күрмеуі қиын мәселемен күрес Түркістан облысында дәл қазір асқынып тұр. Сайрам ауданында өткен жиын - сөзіміздің айғағы.