Түркістан телеарнасының тырнақалды кинотуындысы – "Кәріс" келін кинотеатрларға жол тартқалы бір айға жуықтады. Күн сайын киноға деген көрерменнің ықыласы артып келеді. Түлкібаста болған шынайы оқиғаға түсірілген Суджин келіннің киносын көруге қызыққандар көп болды. Телеарнаның тұңғыш өнімін Кентау қаласының тұрғындарыда тамашалады.