Түркістан
EN

Марокко шегірткесіне қарсы іс-шаралар талқыланды

60
27.03.2024

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен ауыл шаруашылығы өкілдері және аудан-қала әкім орынбасарлары, штаб мүшелерінің қатысуымен шегірткеге қарсы күрес мәселесі талқыланды. Биыл аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы  облыс бойынша барлығы 271 575 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланып, сәуір-мамыр айларында жүргізіледі. Тиісті жұмыстарды атқаруға 74 дана жер үсті желдеткіш бүріккіш техникасы жұмылдырылады. Айта кетейік, биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялы іс-шаралар 10 ауданның 53 ауыл округтерінде жүргізіледі. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында, инспекция тарапынан 42 мемлекеттік инспектор мен 19 қызметтік автокөлік жұмылдырылады.