Түркістан
EN

Су шайған Сауран ауданындағы ауылдың қазіргі жағдайы қалай?

217
26.03.2024

Мейрам күндері Түркістан облысында толасыз жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, елді әбігерге салды. Соның бірі, Сауран ауданы Теке ауылы. Қарашық өзенінің арнасынан асқан қызыл су 14 шаңыраққа кіріп үлгерген еді. Құтқарушылар оларды эвакуациялап, өзен ағысын реттеген болатын. Дегенмен қазір елдімекендегі жағдай қалай? Тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болғандар баспанасына қайта оралды ма?