Түркістанда Ясауи апталығының ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі түрде өтетін шараның мақсаты - Ясауи тұлғасын таныту, мұрасын дәріптеу және хикметтердің тәрбиелік мәнін ұғындыру. Оны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған. Апталық аясында студенттер арасында «Ясауи хикметтерін жатқа айту сайысы» өтеді. Түркі тілдес мемлекет ғалымдары мен тарихшыларының қатысуымен семинар өткізу де жоспарлануда. Дәстүрлі апталық 29 наурыз күні «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы арқылы қорытындыланады.