Түркістан
EN

«Жайлы мектепке» қандай жиһаз қойылады?

156
26.03.2024

Түркістан облысында салынып жатқан «Жайлы мектептер» отандық жиһаздармен қамтылмақ. Олардың бірқатары бүгін өткен көрмеде таныстырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған жұмысшы топ мүшелері қатысып, жиһаз түрлерімен танысты. Ал Ұлттық жобаға қатысу үшін тауар өндірушілердің индустриалды сертификаты болуы шарт. Яғни пилоттық ұлттық жобаға сәйкес мектептің барлық ғимараттары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз болуы тиіс. Әрі өңір жиһаз өндірушілерінің тауарлары баға жағынан да тиімді болмақ.