Сауран ауданы Қарнақ ауылында құлаған көпір қайта жөнделіп жатыр. 21-наурыз күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Баялдыр өзенінің ағысы қатты болып, көпір астындағы арнаны бұзып кеткен еді. Салдарынан Кентау мен Қарнақ арасындағы көпір қақ айырылған.Ағын су асфальттың бір қабатын шайып кеткен. Бүгінде көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыстағы жолаушылар басқармасынан 10 техника мен 20 жұмысшы жұмылдырылған. Ал Кентауға қатынаушыларға айналма жол салынып жатыр. Жауаптылар, оның құрылысы ертең аяқталады, дейді. Сондай-ақ, мамандар көктемгі су тасқынына дайындық кезінде облыстағы маңызы бар барлық көпір құбырларын тазартқандарын айтады.