Түркістан
EN

48 бас мал қырылды

50
26.03.2024

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды. Оқыс оқиға 26 наурызға қараған түні Қаратас ауылындағы жеке тұрғын үйдің аумағында болған. Өрт алаңы 220 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жаудан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірлік төтеншеліктер жалынды 50 минут ішінде сөндіріп үлгерген. Ол үшін 7 құтқарушы мен 2 техника жұмылдырылған. Осы ретте, төтенше жағдайлар қызметінң өкілдері электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.