Түркістан
EN

Бәйдібекте елді мекендерді көгалдандыру бойынша семинар өтті

63
26.03.2024

Еліміздегі елді мекендерді көгалдандыру жұмысы қарқынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл еліміз бойынша 15 млн көшет отырғызу міндеттелген.  Түркістан облысы бойынша 1,5 млн көшет отырғызу жоспарлаған. Ол үшін өңірдегі 800-ден астам елді мекеннің шамамен 90 пайызы қамтылған. Ал Бәйдібек ауданында өткен жылы 45 200 дана ағаш көшеті отырғызылса, биыл 23 300 данасы егіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы көгалдандыру жұмыстары аясында аймақтық біріктірілген семинар өтті. Шара аясында Боралдай филиалындағы тұқымбақты аралап көрді.