Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Отырар ауданына барды. Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, «Отырар төбе» қалашығының жұмысы барысымен танысты. Аймақ басшысы ежелден ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасы болған Отырар өлкесінің қазақ өркениеті үшін зор маңызы бар екеніне тоқталып, туристерге танымдық ақпарат беруді, келушілерге сапалы қызмет көрсетуді, туристік әлеуетін одан әрі дамытуды ұсынды.