Абай облысында Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше тойланып жатыр. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы шаралардың барлығы ұлттық салт дәстүрді дамыту және Ұлыстың ұлы күнін жаңаша тойлап, мәнін арттыруға бағытталды. Бір ерекшелігі, қысы ұзақ өңірде бүгін күн ерекше жарқырап, ауа-райы да жомарт мінез танытып тұр екен. Дәл қазір, осы өңірдегі тілшіміз Саруар Қабдолла бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Саруар, Абай өңірі әз Наурызды қалай қарсы алып жатыр?