Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Ұлыстың Ұлы күнін ерекше ықыласпен қарсы алған Түркістандықтар үшін бұл мерекенің маңызы зор екеніне атап өтті. Себебі, қыс аяқталысымен жер жыртуға кіріскен аймақтағы шаруалар көктемгі егістікке қарқынды дайындалуда, дейді облыс әкімі. Көктем, наурыз, Түркістан және еңбек ұғымдары мағыналас деген облыс әкімі, жаңа жылмен бірге мол ырыс, несібе келеді дейді. Сондай-ақ, Түркістанның түркі әлемінің туристік астана атағын алғанына тоқталып, шаһарға келушілердің саны 17-24 наурыз аралығында 20 мыңға жеткенін де зор мақтанышпен айтты.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ