Түркістан
EN

40 жылдан бері наурыз көже әзірлейді

93
21.03.2024

Ұлыстың ұлы күні дастарқанында табылуы керек бірден бір тағам ол – наурыз көже. Ежелгі ұғым бойынша, қара қазан қайнаған үйге ырыс келеді деген ұғым бар. Сондықтан мереке қарсаңында дәстүрлі көжені пісіру бұлжымас әдетке айналған. Тоқшылықтың символы саналатын тағамнан тілшіміз Шынар Әділханқызы да дәм татып қайтты. 

Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әр шаңырақта қазан отқа қойылып, сорпа сапырылып, наурыз көже дайындалады. Тәжікүл Абдраманова да 40 жылдан бері мереке қарсаңында дәстүрлі асты дайындап жүр. Тағамының дәмділігі сонша, туыстарынан өзге, көршілері де ауыз тиюге асығатын көрінеді.