Түркістан
EN

Ордабасыда Ұлыстың ұлы күні атап өтілді

111
21.03.2024

«Төрлет, Наурыз төріме»!  Ордабасы ауданы Ұлыстың Ұлы күнін кең көлемде тойлады. Ауданға қарасты 12 ауылдық округ тұрғындары Темірлан елді мекенінде бас қосып, ұлан-ғасыр той жасады.  Мерекелік жиын Абылай хан бастаған Наурыз керуенмен басталып, ән мен күйге ұласты. Айта кетсек, биыл ауданның құрылғанына 60 жыл толып отыр. 

Әз-Наурызды тойлау үшін ордабасылықтар түгел аудан орталығына жиылды. Алаңда еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін көздің жауын алар қазақтың ұлттық киімін киіп, Ұлыстың Ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды!