Түркістан
EN

Отырарда Наурыз тойланды

88
21.03.2024

Отырар ауданында Наурыз мейрамы тойланды. Бұл күні айдан аман, жылдан түгел шыққан жұртшылық бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болды. Өңірдің барлық өнерпаздары жиналып, түрлі өнер көрсетті. 

Отырарда наурыз тойы осылай басталды. Орталық алаңға жиналған халықтың қарасы қалың. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ұлттық мейрамды тойлауға жиналған. Осы ретте ақ жаулықты аналар Шәмші әндерін  шырқап, жылы лебізін білдірді.