Соңғы екі күнде толассыз жауған жауынның салдарынан кейбір елді-мекендерде өзен сулары арнасынан асып жатыр. Солардың бірі - Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы. Нөсер жауын Кентау мен Қарнақ ауылын жалғайтын көпірге зақым келтірген. Жол бойында үлкен жарық пайда болған. Әзірге бұл бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Оқиға орнында әріптесім Нұрдәулет Сыздық та жүр. Нұрдәулет зардап шеккендер жоқ па ? Қазір нақты қандай жұмыс атқарылуда.