Түркістан
EN

Арнамыз бүгіннен бастап жаңа дизайнмен шығып жатыр

94
21.03.2024

Түркістан телеарнасы  бүгіннен бастап жаңа дизайнмен шығып жатыр. Нақтырақ айтсақ, дизайн жағынан өзгеріс болды. Ашылғанына 3 жыл толған арнаның бастапқы логотипі «түйе» бейнесінде болатын. Күні кешеге дейін эфирге осылай шығып келдік. Енді бүгіннен бастап еліміздегі республикалық арналармен иық тірестіру мақсатында, жаңашылдыққа бет бұрдық. Мұндай өзгеріс шығармашылық ұжым мен көркемдік кеңестің ортақ шешімі болған. Жаңашылдыққа бет бұру үшін 2 айға жуық уақыт кетті.