Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарған үш азаматтың көлігі айып тұрғына қойылды. «LADA LARGUS» және «ZAZ CHANCE» жүргізушілерінің берешегі бірінікі - 1 млн 181 мың теңге болса, екіншісінде 4 млн теңгеден астам. «BMW» тізгіндеушісінің берешегіде аз емес. Құқықбұзушыларды ұстауға патрульдік полиция экипаждары жұмылдырылды. Баласының алдында берешегі бар азаматтарды бақылау Түркістан облысы Әділет департаментінің құзырында болмақ.
МАҚСАТ ҚОЖАНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ