1 тонна бауырсақ, 1 тонна палау мен 1 тонна наурыз көже таратылды. Бүгін Кентау қаласында өткен Наурыз ел есінде осынысымен қалды. Қаратаудың тәжі атанған кенді шаһарда Ынтымақ алаңына 10 киіз үй тігілген. Мұнда ұлттық тағамдар көрмесі өтіп, жастар жағы түрлі ойындарда бақ сынады.
Жауын жауып тұрғанына қарамастан, алаңға жұрт көп жиналды. Себебі, онда ұлттық дәстүрге толы көріністер қойылды. Жастар жағы гір тасын көтеріп, күрестен сынға түссе, үлкендер жағы тәй-тәй басқан баланың тұсауын кесті. Одан бөлек, қала тұрғындарына 2 тонна бауырсақ, 1 тонна наурыз көже, 1тонна палау таратылды. Мерекелік көңіл күйдегі тұрғындар, көптен бері мұндай Наурызды сағынғандарын айтып, ағынан жарылды.