Түркістан
EN

Дарбаза – Мақтаарал теміржолы салынуда

116
20.03.2024

Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісі Түркістан өңірін дамытуға тың серпін беретін жоба. Өткен жылы 152 шақырымдық бағыттың құрлысы басталған еді. Жұмыс қарқыны облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев кездесуінде талқыланды. Темір жол желісінің қажеттілігі неде? Толығырақ келесі бейнематериялда.

Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы қараша айында басталған еді. Бұл жоба аяқталса, Оңтүстік аудандардың экономикасы көтеріліп, транзиттік әлеуеті артады дейді мамандар. Сондай-ақ Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің шағын және орта бизнесін ынталандыруға ықпал етпек.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ - «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ-НЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ