Наурызнама онкүндігінің 7 ші күні яғни бүгін ұлттық спорт күні. Осыған орай, еліміздің барлық аймақтарында түрлі іс- шаралар өтуде. Түркістан қаласында да ұлттық спорт күні аясында тоғызқұмалақ, қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтіп жатыр. Бәсеке қатысушылардың басым бөлігі мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Барлығы 150-ге тарта жан ұлттық спорт бәсекесінде бақ сынауда. Сайыс жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, арнайы медалмен марапатталатын болады.
ДИНАРА ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ