Елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салынады. Сондай-ақ қарызы бар азаматтар енді лотерея ойнай алмауы мүмкін. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да маңызды нормалар қарастырылған. Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды. Халық қалаулысы Асхат Аймағамбетов бұл құжат Мемлекет басшысының құмар ойындарға шектеу қою тапсырмасының шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленгенін атап өтті.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ