Әз-Наурыз» мерекесінің шығу тарихы жайлы ел арасында әртүрлі дәлел-дәйектер бар. Десе де түркістан халқы «Наурыз – Қазығұрттан бастау алған» деген сенімде. Сондықтан жергілікті жұрт Ұлыстың Ұлы күнін асыға күтіп, мейрамды кең ауқымда тойлайды. Ал биыл Қазығұрт халқы Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алуда? Тілші материалынан көріңіз!
Наурыз мейрамын тойлау үшін қазығұрттық ағайын орталық саябаққа жиналды. Мұнда көпшіліктің назарына қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары мен тағамдары қойылған көрме мен сахналанған қойылымдар ұсынылды.
СЕЙСЕНКҮЛ БЕРДІБАЕВА - АУДАН ТҰРҒЫНЫ