Түркістанда жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық «Аntiparacraft 2024» квест ойынының Облыстық іріктеу кезеңі өтуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы сайыста оза шыққан топ республикалық байқауға жолдама алады. Іріктеуге Түркістан облысындағы оқу орындарының 1-2 курс студенттері 3 топ болып қатысты. Турнирда жеңімпаз болған команда еліміздің жоғары оқу орындары арасында өтетін республикалық сайыста облыс намысын қорғайды.