Түркістан
EN

Өзбекстанда қандастар Наурыз тойлады

92
19.03.2024

Өзбекстандағы Қаратұқым ауылында Наурыз мейрамы тойланды. Қандастарымыз көп шоғырланған аймақта ұлттық ойындар ұйымдастырылып, келіндер бәйгесі өтті. Тағы қандай ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді? Толығырақ көршілес елге арнайы барып қайтқан тілшіміздің бейнематериалында.

Ұлық мереке Наурызды Қаратұқым ауылындағы қандастарымыз тамаша көңіл-күймен қарсы алды. Шарада ұлттық ойындар ұйымдастырылып, келіндер бәйгесі өтті. Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күніне орай көнекөздер бата беріп, шара концерттік бағдарламаға ұласты.