«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биыл 3 мыңнан астам маман баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа биыл бюджеттен 25 млрд теңге қаржы қарастырылған. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, мемлекет ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті дамытуға да ерекше көңіл бөліп келеді. Мәселен, өткен жылы Агро Өнеркәсіп Кешені саласын қаржыландыруға жалпы 554,7 млрд теңге бөлінген. Әрі нарықтық әлеуеті жоғары тауарларды анықтау мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында 2023 жылы 500-ден астам өнім өндірушілердің қатысуымен 20 өңірлік көрме өткізіліп, жергілікті шикізаттан өндірілген 60 тауар анықталды.
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ - ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ