Түркістан
EN

Теннистен 10 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир басталды

75
19.03.2024

Бүгін Түркістанда үлкен теннистен 10 жасқа дейінгі республикалық турнир басталды. Оған еліміздің өңірлерінен 150-ден астам теннисшілері бақ сынайды. Жарысқа Ұлттық дәрежедегі төреші төрелік ететін болады. Жалпы елімізде спорттың дәл осы түрімен 20 мыңнан астам адам айналысады. Оның 5 мыңы 10 жасқа дейінгі балалар екен.