Түркістан
EN

Қарабұлақ ауылы неге қала мәртебесін алғысы келмейді?

449
19.03.2024

Түркістан облысында 60 мыңға жуық халқы бар ауыл тұрғындары қала мәртебесін алуға қарсы. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Қарабұлақ – Сайрам ауданындағы халқы тығыз орналасқан ауылдардың бірі. Өңір басшысының айтуынша, 2023 жылды осы елдімекенде 42 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Аудан бойынша ірі қара мал басының 47 пайызы Қарабұлақ ауылына тиесілі. Ал қала мәртебесін алған жағдайда ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік болмай қалуы мүмкін.