Елімізде жаңа салық кодексі әзірленіп жатыр. Онда қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты шағымдар ескеріледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұр. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру. Жиында Олжас Бектенов жаңа құжатты әзірлеу жұмысын тез арада аяқтауды тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ