Түркістанда ресми түрде туристік маусым ашылды. Биыл облыс орталығы түркі елдерінің туристік астанасы статусына ие болған болатын. Осыған орай «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атты мерекелік шарада өңірдің туристік әлеуеті көрсетілді. Қол күресі, гір тасын көтеру, «Bauyrsak Fest», «Қымыз ішу» сияқты ұлттық ойын-сауық сайыстары өтті. Облыстың өнер ұжымдары мен фольклор ансамбльдері театрландырылған қойылымдар көрсетті. Қолөнершілер жәрмеңкесіне қазақи нақыштағы бұйымдар қойылды. Қазақ, өзбек және қырғыз көліктерінің қатысуымен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға автошеру жолға шықты. Туристік астана жылы аясында шаһарда халықаралық деңгейде 25, республикалық деңгейде 21 шара ұйымдастырылмақ.
НҰРДӘУЛЕТ МЕДЕУОВ - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған. Халықаралық әуе шеруларының байқауы, халықаралық FIRE SHOW жарыстары, «Voice of Turan» халықаралық ән байқауын өткізу жоспарланған. Жыл соңына дейін 100-ге жуық іс-шара өткізілетін болады. Оның ішінде мәдениет, туристік, спорттық бағыттағы шаралар бар. Қызмет көрсету қызметінің сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, туризм саласына инвестиция тарта отырып, қонақүйлер мен демалыс орындарын салуды жоспарлап отырмыз.