Көпқабатты үйдің тұрғындары жиналып, Наурызды өз бетінше аулада тойлау сирек кездеседі. Ал, Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары төл мерекемізді өз аулаларында атап өтіп жатыр. Наурыз көже әзірлеп, ұлттық мейрамды ұлықтау көршілердің жылдағы дәстүрі екен. Мерекені ұйымдастыруға 200-ге жуық тұрғын ат салысқан. Аймақтағы тілшіміз Айнұр Досанның бейнематериалына назар аударайық.
Петропавл қаласындағы көпқабатты үйлерде 400-ден астам аула бар. Ынтымағы жарасқан жұртшылық жыл сайын Наурыз мейрамын өз аулаларында атап өтеді. Төл мерекеде көпқабатты үйлердің маңы ойын-сауыққа толады. Биыл да дастархан жайылып, балаларға арнап спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Наурыз көже дайындалып, 80 келі палау басылды.
МӘРИЯМ ЖАНҒОЖИНА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Халқымызға тыныштық берсін. Көк аспанның астында осындай той-думандар өтсін дейміз. Наурыздан басқа бізде тұрғындар әр мереке сайын жиналамыз. Жаңа жылда болмасын. Сырғанақ ұйымдастырамыз балаларға.