Биыл ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл. Түркістанда қоғам қайраткері есімімен аталатын білім ордасында іс-шара өтті. Онда ағартушының өміріне арналған ашық сабақтар болып, бейнефильм көрсетіліп, сахналық көріністер қойылды. Үш ғасырлық тарихы бар мектеп қабырғасынан елімізге танымал, абыройлы азаматтар түлеп ұшқан. Олардың қатарында Сұлтанбек Қожанов, С.Ерубаев, Маулен Балақаев секілді ұлт зиялылары да бар.