Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті. Бүгін премьер-Министр құрылтайда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Президент 55 жылу орталығын жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту керектігін айтқан. Оған 650 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Баспанамен қамту ісіне де қомақты қаржы бөлінеді. Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар "Отбасы банкімен" бірлесіп, 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беретін жаңа бағдарлама іске қосылады.