Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті

102
18.03.2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия,  жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Елімізде соңғы жылдары креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Қазақстанның мәдени толқыны кең қанат жайып, өрендеріміз аймақтық және жаһандық деңгейде таныла бастағаны кездейсоқтық емес. Ұлтымыздың орасан зор жасампаздық әлеуеті кино, музыка, әдебиет және өнердің басқа да жаңа салаларында айқын көрініс тапқан. Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін» - деген болатын.