Маңғыстаудан бастау алған амал мерекесі Түркістанда жалғасын тапты. Елдің абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары ұлттық мерекені киелі шаһарда тойлауды ұйғарған. Айта кетерлік жайт зиялы қауім өкілдері мерекені тойлап қана қоймай, Көрісу күнінің әдебі жайында алқалы жиын өткізді.