Түркістан
EN

Машат ауылында Жастар саябағының қазығы қағылды

80
18.03.2024

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылында «Жастар» саябағының қазығы қағылды. Бұл демалыс орынын ауыл азаматтары мектеп бітіргендеріне 50 жыл толуына орай өз қаржысынан салмақ. Игі шарада ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, саябақтың қазығын қақты. Қазір ауыл әкімдігі тарапынан 70 сотық жер бөлініп, құжаттары рәсімделген. Сауапты іске себепкерлердің айтуынша саябақ құрылысына 50 млн. теңге жұмсалады екен.