Ағаш ұстасы Ислам Сталинбековтың кезекті туындысы - сыйлыққа арналған тостаған. Сапалы бұйым жасау үшін қолөнер шебері қараағашты таңдапты. Себебі ағаштың бұл түрі өте берік келеді. Ұста ұлттық құндылықты өнім бетіне келістірген. Сызба бойынша ойып, қосалқы бөлшектерін жасайды. Ең соңында оған лак жағады. Осылайша ол бір кәдейсый жасау үшін 3-4 күнге жуық уақытын жұмсайды.