Түркістанда республикалық командалық айтыс өтеді. Ұлттық өнердің бұл түрі тәуелсіздік алған жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Рухани астанадағы сөз сайысында Түркістан мен Жамбыл облыстарының өнерпаздары бақ сынамақ. Айта кетерлігі, өнер жәрмеңкесі бес жанрдың басын біріктіріп отыр. Айтыскерлерден бөлек жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер де бәсекеге түседі. Өңірлердің мәдени байланысын нығайтуды көздеген жоба 4 кезеңнен тұрады. Командалық додада жеңімпаз атанған ұжым Астанадағы ақтық сынға жолдама алмақ.