Қайыр қылсаң бүтін қыл. Бүгін Түркістан қаласында аз қамтылған және көп балалы отбасыларын қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 42 отбасыға азық- түлік себеттері табысталды. Рамазан айында өтіп жатқан іс-шараға Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері мен жанашыр жандар қатысты.